Қазақстанда Starlink интернеті ресми түрде іске қосылды

Жеке пайдаланушыларға арналған тариф айына 23 мың теңгеден басталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда Starlink интернеті ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, енді еліміздегі кез келген тұрғын SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталық спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты әрі сенімді интернетке қол жеткізе алады. Бұл технология шалғайда орналасқан елдімекендегі халықтың заманауи цифрлық сервистерді еркін пайдалануына мүмкіндік бермек,

Министрлік мәліметіне сәйкес, жеке пайдаланушыларға арналған тариф айына 23 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар корпоративтік тарифтер де қарастырылған.  

«Бұл компания корпоративтік тарифтерде көзделген. Сайтына кірсеңіз, ол жерде жаңағы бизнеске арналған тарифтер бөлек және жеке тұлғаларға арналған тарифтер бөлек болып белгіленеді. Жеке тұлғалар өздеріне Starlink компаниясының шешімдерін қазір сатып алып, үйде болсын, жолда болсын, таулы жерде жүрген кезде де қолданып, жақсы интернетке қолжеткізе алады», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев.

Оқи отырыңыз: Сергек: көлік қозғалысына сегіз сағаттан асса, шектеу қойылмақ

Новости партнеров