2025 жылғы сәуірде 184,7 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылған
Қазақстанда өткен айда мотокөліктерді қоса алғанда 184,7 мың бірлік автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюро мәліметіне сүйенсек, 2025 жылғы сәуірде 184,7 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылған.
Оның ішінде:
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 миллион шегінен асып, 6 176 мың бірлікті құрады.
Оның ішінде:
2025 жылғы 5 сәуірден бастап жылдамдығы 50 км/сағ (мопед) дейін мотоқұралдарды міндетті тіркеу енгізілді. Сәуірде тіркелген мотокөлік құралдарының саны 18,6 мың бірлікті құрады, осылайша есепке қойылған мотокөлік құралдарының жалпы саны 115,8 мың бірлікті құрады.
Пайдаланылатын отын түрі бойынша мотокөліктің 110,3 мың бірлігі бензинмен жүреді, 635 бірлік – аралас отын, 248 бірлік – дизель отыны, 51 бірлік – газ, тағы 557 бірлік электр қуаты есебінен қозғалады (4 мыңында – отын түрі көрсетілмеген).
Оқи отырыңыз: Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік экспорттаушылары қатарына енді