Орталық кәсіби, жаңа технологиялық шешімдерді және заманауи кәсіби дағдыларды дамытуға және өндіріске енгізуге ықпал ететінін атап өтті
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Астанада 2025 жылы Ұлттық құзыреттер орталығы құрылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол орталық кәсіби құзыреттерді, жаңа технологиялық шешімдерді және заманауи кәсіби дағдыларды дамытуға және өндіріске енгізуге ықпал ететінін атап өтті. Осындай орталықтар әлемнің алдыңғы қатарлы индустриалдық мемлекеттерінде бар.
«Ұлттық құзыреттер орталығы базасында жыл бойы халықаралық чемпионаттарға арналған оқу-жаттығу лагерлері, республикалық чемпионат, педагогтерге арналған салалық курстар өткізілетін болады», — деп толықтырды Ғани Бейсембаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кәсіптік бағдар берудің жаңа тұжырымдамасы іске қосылады