Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша

elements.envato.com
elements.envato.com

1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 413 мың адам

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 803 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 882,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 920,2 миллиард теңге қарастырылған.

"2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 810 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге", - делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 413 мың адам.

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 82 жарықсыз учаске жойылды

Новости партнеров