Қазақстандық банктен ірі көлемде ақша ұрлаған ер адам Ресейде ұсталды

28.05.2025 15:43

Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын

polisia.kz

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы аумағында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды.

«13 жыл бұрын ол жалған құжатты пайдалану арқылы Қазақстандағы банктердің біріндегі жинақ шоттарынан ірі көлемде ақша қаражатын заңсыз жолмен алған. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сұранысы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан аумағына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта онымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Доландағы оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды