Жамбыл облысында 400-ге жуық заңсыз су нысаны анықталды

28.05.2025 15:45

Аймақта балық кәсібімен айналысатын 20-дан аса адам да канал суын рұқсатсыз пайдаланып келген

Жамбыл облысына қарасты 7 ауданнан 400-ге жуық заңсыз су нысаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның басым көпшілігі Меркі ауданында. Бұл ұңғымаларда күн сайын миллион литр судың далаға ағып, ысырап болғаны анықталып отыр. Салдарынан жер бедері де өзгеріске ұшырап, телімдердің нысаналы мақсаты бұзылған. Кейбірі мүлдем жарамсыз күйге түсіпті. Өңір прокурорлары Шу-Талас бассейндік инспекциясымен бірігіп, ұңғымаларды толық паспорттық тексеруден өткізбек.

Айта кетейік, аймақта балық кәсібімен айналысатын 20-дан аса адам да канал суын рұқсатсыз пайдаланып келген.

 «Балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлер дренажды каналдар мен су нысандарындағы тіршілік нәрін рұқсатсыз әрі шектеусіз пайдаланып отырған. Сәйкесінше су ақысы мен салықты төлемеген. Олардың қатарында өзен-көл жағасында орналасқан монша секілді нысандар да бар. Қазір 30-дан аса кәсіпкер мен жауапты әкімдік қызметкерлері жауапкершілікке тартылды», – деді табиғатты қорғау прокуроры Дәурен Көбеев .

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 30 адам суға батып кеткен