Қазақстандық әнші Алматыдағы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

06.10.2024 09:54

Иван Бреусов №125 сайлау учаскесіне барды

Фото: Алматы әкімдігі

Қазақстандық әнші, «101» тобының экс-солисі Иван Бреусов Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әнші А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында орналасқан №125 сайлау учаскесіне өз дауысын беру үшін барды.

"Бүгін ел үшін маңызды тарихи күн. Бұдан былай мен осындай барлық іс-шараларға қатысқым келеді, өйткені Отанымыздың тағдыры әрқайсымыздың пікірімізге байланысты. Біз бірлесіп қабылдайтын шешім ортақ болашағымызды жақсартуға бағытталған", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №388 сайлау учаскесі орналасқан №48 мектеп-лицейге келіп, дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Оқи отырыңыз: Бибігүл Төлегенова референдумға қатысты