Олимпиада қорытындысында 5 оқушымыз елге 10 марапатпен оралды
Қазақстандық оқушылар Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO-2025) жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Ел құрамасының қоржынында 4 күміс, 1 қола медаль бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызмнетіне сілтеме жасап.
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында 29 маусым мен 8 шілде аралығында өткен халықаралық білім додасына әлемнің 21 елінен оқушылар қатысқан болатын.
Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. Қорытындысында 5 оқушымыз елге 10 марапатпен оралды.
Күміс медаль иегерлері:
Қола медаль иегері:
Сондай-ақ теориялық айналым нәтижелері бойынша Роман Черемнов, Илияс Қазымбек 1-дәрежелі дипломға, Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов 2-дәрежелі дипломға ие болды.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда алдағы оқу жылында 9 мектеп пайдалануға беріледі