Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында жүлдегер атанды

Бұл туралы ҚР Оқ-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытай Халық Республикасында өткен BRICS National Vocational Skills Championships халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында «Деректерді талдау және визуализация» құзыреттілігі бойынша қазақстандық студент жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы ҚР Оқ-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Габбас Сағыныш әлемдік деңгейдегі додада ІІІ орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды. Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан», - делінген хабарламада.

Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша чемпионаттың штаб-пәтері Маңғыстау энергетикалық колледжін «Болашақ технологиялар мен дағдылар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда емханаларға тіркелу науқаны аяқталды

Новости партнеров