Биыл акцияға 80 медициналық ұйым қатысқан
Алматыда емханаларға тіркелу науқаны аяқталып, 14 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасады. Бұл туралы «Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының» мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Amaty.tv.
Биыл акцияға 80 медициналық ұйым қатысқан. Емханаға тіркелу науқаны цифрландыру аясында барынша ыңғайлы ұйымдастырылды. Тұрғындар емханаға бармай-ақ, онлайн өтуге мүмкіндік алған.
Еске салайын, Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша, азаматтар тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша медициналық ұйымды өзі таңдай алады.
«Науқан қорытындысы бойынша 14 303 адам жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеліп, 14 822 тұрғын емханасын ауыстырды. Науқанды жоспарлы түрде, емханаларға салмақ түсірмей өткіздік», – деді «Денсаулық сақтауды дамыту ҰҒ орталығы» филиал директорының орынбасары Бибігүл Айтбақина.
Оқи отырыңыз: Алматыны дамытуға қатысты арнайы талдамалық жазба әзірленеді