Алматыда 9 университет QS World University Rankings тізімінен көрінді
Еліміздің 20 жоғары оқу орны әлемнің үздік университеттері қатарына енді. Бүгін Алматыда халықаралық рейтинг агенттігі өкілдерінің қатысуымен QS World University Rankings 2026 сертификаттарын табыстау салтанаты өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Үздіктердің қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және тағы басқа беделді оқу ошақтары бар. Ерекше атап өтерлігі, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті QS рейтингінде әлем бойынша көрсетілген небәрі төрт медициналық университеттің бірі болды.
«Бұл рейтингке ілігу үшін көп оқу орны өтініш білдірді. Соның арасынан еліміздің 20 университеті алға шығып отыр. Өте қуаныштымыз. Еліміз бойынша медициналық оқу орындарының ішінен тізімге тек біз ендік. Сондай-ақ биыл университетімізге 95 жыл толады. Екі мейрамды қатар атап өтіп жатырмыз», - деді С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректоры Диляра Қайдарова.
«Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақстанда QS World University Rankings-ке 20 университет Қазақстаннан кіріп отыр. Соның 9-ы – Алматы қаласынан. Бұл Алматы қаласының ғылымға, жастарға деген қолдауын, ұстанымының дәлелі болып отыр. Рейтингке байланысты университеттердің сапасы, оқыту сапасы ұлғая береді», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.
Оқи отырыңыз: Қала келбеті: Алматыдағы зауыт пластик қалдықты асфальтқа қажетті қоспаға айналдырады