Жолдар 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:00-де ашылады
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 7 қаңтарда Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
7 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған - Петропавловск автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр.
Ал Қостанай облысында Жезқазған - Петропавловск автожолының 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысы шектеледіжол жабылды.
Жолдар 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:00-де ашылады.
Оқи отырыңыз: Бұрқасын, көктайғақ, тұман: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды