18 тамыз - Шекарашылар күні
Биыл Қазақстанның шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл. Алматыда шекарашылар күніне арналған мерекелік іс-шара Наурызбай ауданындағы «Әлем» шығармашылық инновациялық орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шекарашылардың еңбегін ұлықтап, олардың мәртебесін биіктетуге арналған кешке Алматы және Жетісу облысы бойынша департаменттердің жеке құрамы, ардагерлер мен курсанттар қатысты. Сахнада шекарашы өнерпаздармен қатар, танымал эстрада әншілері өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
«1992 жылдан бастап 18 тамыз шекарашылар күні деп санаймыз. Көктөбеде концерт ұйымдастырдық. Сонымен бірге 20:00-де Көктөбедегі мұнарада құттықтау көрсетілді», – деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Серік Төлеуханов.
Оқи отырыңыз: Астанадағы ұшақ апаты: еліміздегі 49 әуе кемесі бақылауға алынады