Үкім заңды күшіне енді
Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен университеттің қызметіне тексеру жүргізілген, онда 2020 жылы университет атынан жалпы сомасы 43,8 млн теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасалғаны анықталған.
«Тексеру жоғарыда аталған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсетті», - делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.
№2 Медеу аудандық сотының үкімімен университеттің «Саймасай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды. Залал толық көлемде өтелді.
Үкім заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да есірткі сататын интернет-дүкен табылды