ҚазҰМУ -дағы Нутрициология кафедрасына академик Төрегелді Шармановтың есімі берілді

Алматылықтар арда азаматтың туған күнінде еске алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Нутрициология кафедрасына академик Төрегелді Шармановтың есімі берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы саналы ғұмырын ғылымға, елге қызмет етуге арнаған арда азаматтың туған күніне арналған еске алу жиынында белгілі болды. Сондай-ақ іс-шара аясында академиктің өзі басқарған Қазақ тағамтану академиясының 50 жылдығы атап өтілді. Басқосуда Төрегелді Шармановтың отандық денсаулық сақтау саласына қосқан орасан зор үлесі сөз болды.

"Біздің университет пен академияның арасында ынтымақтастық бар. Түрлі іс-шараны біріге атқарып келеміз. Төрегелді Шарманов дұрыс тамақтанудың маңызын түсініп, посткеңестік кеңістікте алғаш академияның негізін қалады. Кафедраға медицина майталманының есімін беру – маңызды қадам", – деді С. Ж. Асфендияров атындағы қазұму басқарма төрағасы – ректоры Марат Шоранов.

Ұлттық медициналық университеттегі Нутрициология кафедрасы да биыл 30 жылдығын атап өтіп жатыр. Осы уақыт ішінде мұнда талай білікті маман даярланып шықты.

"Көп студент дайындадық, дәрігерлерді оқытумен айналыстық, магистранттар, докторанттарды дайындаумен 30 жыл бойы анйалысып келеміз. Кафедрада тек оқытып қоймай, тәрбие мәселесіне және ғылыми жұмысқа мән береміз", – деді С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Нутрициология кафедрасының меңгерушісі Майгүл Қайнарбаева.

Оқи отырыңыз: Мінбер -15: қазақ журналистикасындағы жасанды интелекттің рөлі қандай

 

 

 

 

Новости партнеров