Әке институты: Алматыда дөңгелек үстел өтті

Жиында отбасындағы және бала тәрбиесіндегі ер адамның рөлі жайлы ой қозғады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Әке институты: заманауи сын-қатерлер және оны нығайту жолдары» атты дөңгелек үстел форматында жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Отбасын қолдау орталығы» ұйымдастырды. Жиынға жиналған сарапшылар әке институтының әлеуметтік, құқықтық және мәдени аспектілеріне қатысты пікір білідіріп, отбасындағы және бала тәрбиесіндегі ер адамның рөлі жайлы ой қозғады, осы бағыттағы бағдарламаларды дамытуға байланысты ұсыныстарын жеткізді.

 «Қазақстандағы әкелер институтының жағдайы талқыланды. Бұл тақырып өте маңызды. Неге десеңіз, қазір әкенің отбасындағы басшы және балаға үлгі боларлық тұлға ретіндегі жағымды бейнесін қалыптастыру қажет. Атап өтерлігі, Алматы қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» өмірлік қиын жағдайға тап болған жандармен жұмыс істейді және олардың туындаған мәселелерін шешуге көмектеседі», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Отбасын қолдау орталығы» КММ басшысы Сана Жандай.

«Оқып таңғалдым. Әкенің үйде жүріп, сөйлеуі, дауысын шығаруы баланың тезірек сөйлеп кетуіне әсер етеді екен. Өйткені нейрондар жұмыс істей бастайды. Баланың психикасына әсер етеді, ол тез дамиды. Сондықтан әкенің рөлі маңызды. Әке белсенді болуы керек», – деді қоғам белсендісі Тимур Балымбетов.

Оқи отырыңыз: Бақыт Сәрсекбаев Бекзат Саттархановтың рухына құран бағыштады

Новости партнеров