Әке көрген оқ жонар: табиғатқа деген сүйіспеншілік ұрпақтан басталады

qazaqormany
qazaqormany

Наурызбай әкесімен бірге табиғат аясына шығып, фототұзақ орнатуға қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кейде балаға мың сөз айтудың қажеті жоқ. Әкесінің жанында жүріп, оның еңбегін көрудің өзі — үлкен тәрбие. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру бөлімінің маманы Тотыханов Бейсенбек Тұқаннұлы ұлы Наурызбайды табиғат қорғау жұмыстарының қыр-сырымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мектеп оқушысы Наурызбай әкесімен бірге табиғат аясына шығып, фототұзақ орнатуға қатысты. Әкесінің әр әрекетін бақылап, жабайы жануарларды зерттеу мен қорғаудың қаншалықты жауапты іс екенін өз көзімен көрді.
Бүгін әкесінің жанында фототұзақ орнатуды үйренген бала ертең табиғаттың нағыз жанашырына айналуы мүмкін. Өйткені табиғатқа деген сүйіспеншілік те, туған жерге деген жауапкершілік те осындай қарапайым сәттерден басталады. Әке баласына тек мамандықтың қыр-сырын емес, табиғатты аялаудың қадірін үйретіп жүр.

Бәлкім, жылдар өте Наурызбай да әкесінің жолын жалғар. Ал бүгін оның жүрегіне табиғатқа деген сүйіспеншіліктің алғашқы дәні себілді.

Әке жолы — ұрпаққа өнеге. Табиғатты қорғау — келешекке аманат!

Оқи отырыңыз: Ел намысын қорғап жүрген қос спортшыға білім гранты табысталды