Келемін деушілерге есік ашық: Димаш Құдайберген жанкүйерлерін «Voice Beyond Horizon» жобасын тамашалауға шақырды

dimashnews.com
dimashnews.com

Кездесу Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

5 ақпанда Voice Beyond Horizon халықаралық жобасының ресми тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобаның атқарушы продюсері Димаш Құдайберген көрермендерді алғашқы шығарылымды бірлесіп тамашалауға шақырды. Кездесу Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Түсірілім жұмыстары толықтай Қазақстанның туристік нысандарында өтіп, алты өңірді қамтыды: Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстары, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары.

Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінен келген талантты орындаушылар қатысты.

«Біздің байқауымыздың Instagram желісіндегі парақшасына бір түннің ішінде қырық мыңнан астам адам тіркеліпті. Бұл неткен көрсеткіш деп, мәре-сәре боп тойлатып отырмыз. Әрине, сөзімді жерге тастамай, белсенді қолдау көрсетіп жатқан барша ағайынның, жақын жандардың ықыласы мен сенімі — мен үшін зор мәртебе. 

Шынын айтқанда, дәуренім жүріп, қуатым кемеліне келіп тұрған осы бір сәтте сіздердің қолдауларыңыздың арқасында елімізге аздаған пайдам тисе менен асқан бақытты адам жоқ деп біліңіз. Байқауымызға жазылып, қолдау білдіріп жатқан барша жандарға мың мәрте алғыс айтамын!

Бұл жоба — баршамызға ортақ. Халықтың мүддесі де, қуанышы да ортақ. Сол себепті байқаудың алғашқы кезеңінің тұсаукесерін бүкіл Қазақстан болып, бір үлкен отбасыдай бірге тамашаласақ деген ниетім бар. Яғни, жобаның алғашқы шығарылымын сіздермен бірге тамашалағым келеді.

Келемін деушілерлің барлығына есік ашық. Билет сатып алудың қажеті жоқ. Бәріміз бірге жиналып, жақсы көңіл күйде уақыт өткізуге шақырамын», — деп үндеу жасады өнер иесі.

Оқи отырыңыз: Шымкентте үшем дүниеге келді

Новости партнеров