Келесі жылы ҰБТ-ны неше рет тапсыруға алады

16.12.2025 11:29

Ұлттық тестілеу орталы талапкерлер үшін ақпараттық жадынама жариялады

Almaty.tv

Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлер үшін ақпараттық жадынама жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҰБТ-ны жылына 5 рет тапсыруға болады:

  • қаңтар, наурыз, тамыз айларында – ақылы оқуға түсу үшін (3 рет);
  • негізгі (мамырдан бастап шілдеге дейін) – грант конкурсына қатысу үшін немесе ақылы оқуға түсу үшін 2 мүмкіндік  

Келесі жылы:  

  • биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
  • шартты түрде оқып жатқандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
  • колледж түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
  • өткен жылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
  • шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
  • ұлты қазақ шетел азаматтары (қандастар) – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
  • ақылы негізде басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз;
  • ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамыз ҰБТ-сын тапсыра алады.

Оқи отырыңыз: Жас шекарашы: Алматы облысында оқушылар ант қабылдады