Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Туған жердің шекара шебінде жүру-әркімге бұйырмайтын бақ» тақырыбында патриоттық іс-шара өтті
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қарасай ауданы,«Елтай ауылындағы жайлы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас ұрпақтың елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Туған жердің шекара шебінде жүру - әркімге бұйырмайтын бақ» тақырыбында патриоттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметкерлері арнайы шақырылып, оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қонақтар оқушыларға шекара қызметінің қыр-сырын таныстырып, өнер көрсетті.
Сонымен қатар «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының оқушылары ант қабылдап, Отан алдындағы борышын адал өтеуге салтанатты түрде уәде берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара — жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіріп, әскери дағдыларға қадам жасауына үлкен мүмкіндік.
Оқи отырыңыз: Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді