Алматы жұрты қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салды
Алматы жұрты қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көрерменге «Рэкетир» арқылы кеңінен танылған өнер иесімен қоштасу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Орталық мешіттегі қаралы жиынға марқұмның туған-туыстары, мәдениет қайраткерлері, онымен бірге еңбек еткен әріптестері жиналды. Олар Мұрат Бисенбинді кәсібіне адал, адамгершілігі биік азамат ретінде еске алды. Ал актердің қызы қайғыны бірге көтерген қауымға ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, 2024 жылдан бері актер ұйқыбезінің онкологиялық дертімен күрескен.
«Әкем – мейірімді, қамқор, отбасын бәрінен жоғары қоятын адам. Үнемі «үй, бала-шаға» деп жүретін. Аяқ асты ауырып қалған кезде, отбасымызға көрсетілген қолдау көп болды. Таныстарымыз бен жақындарымыздан жанашырлық сезіндік. Ең ауыры инсульттен кейін әкемді емдеу мүмкін болмады. Бұл біз үшін өте ауыр жағдай болды», – деді М. Бисенбиннің қызы Диана Болатова.
Оқи отырыңыз: Екібастұзда жеке үй өртеніп, бір адам қаза тапты