Қан майданға Қазақстаннан 22 мыңнан аса азамат аттанған
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына биыл - 37 жыл. Қан майданға Қазақстаннан 22 мыңнан аса азамат аттанып, 761-і қаза болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айтулы датаға орай, Алматыда дәстүрге сай соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, опат болғандардың рухына тағзым етілді. 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында өткен іс-шараға қатысушылар жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алып, гүл қою рәсіміне қатысты. Сондай-ақ жиында бұл күннің маңызы айқындалып, азаматтардың ерлігі жайлы естеліктер де айтылды.
«Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлы ағамыз келді. Бұл іс-шара Алматы қаласы әкімідігінің қолдауымен болып жатыр. Сондай-ақ тек Ауған соғысы ардагерлері емес, одан бөлек қоғам қайраткерлері, жас ұрпақ келді. Басқосу отансүйгіштік және патриоттық сезімді ныңайтады», – деді қалалық әкімдік жанындағы үйлестіру кеңесінің төрағасы Әуез Бейсенбаев.
«Бүгін ардагерлермен жұмыс істейміз. Олар бізге көп көмектеседі, білмегенімізді үйретеді», – деді Десанттық шабуылдаушы әскерлер қолбасшысының орынбасары Раджан Жанысов.
Оқи отырыңыз: Алматыда ауқымды патриоттық флешмоб өтті