Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда
Түркістан облысы Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық ПД мәліметінше, қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде.
Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде.
«Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: елімізде қай аймақта көлік қозғалысына шектеу қойылды