Заңсыздыққа жол берген жауапты компания енді қатаң жазаға тартылмақ
Кентауда заңсыз кен өндіргендер анықталды. Жер қойнауын ашықтан-ашық тонағандарды Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар арнайы дрондармен биіктен бейнежазба жүргізу арқылы екі тұрғынның «Барит» кенін заңсыз қазып жатқанын анықтаған. Олар көршілес Өзбекстан Республикасының азаматтарын пайдаланып, еңбек заңнамасын белшесінен басқан. Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Ал бұл заңсыздыққа жол берген жауапты компания енді қатаң жазаға тартылмақ.
«Шетел азаматын елімізден шығарып жіберу мақсатында Кентау қалалық сотына жолданды. Сондай-ақ жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берген тұлғаның лицензиясын айыру мақсатында құзыретті орган және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ақпараттық хат жолданып, бақылауға алынды», – деді Түркістан облыстық Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының міндетін атқарушы Мақсат Ерәлиев
Оқи отырыңыз: Атырауда Полиция басқармасының бұрынғы басшысы тергеу изоляторына қамалды