Кешкі вальс: алматылық зейнеткерлер жаңа жылдық мерекені қалай атап өтті

Алматыда белсенді өмір сүру орталығының 15 филиалы жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақ көйлек, қызыл бантик – вальстың негізі элементі. Алматыдағы егде жастағы азаматтардың өмірін ұзарту орталығында кешкі бал өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Зейнеткерлер қартайған шағында орталықтан өміріне өзек тапқан. Оларға арнап халық биі, йога, ағылшын тілі, қол өнер сынды 45-тен астам ұйым тегін жұмыс істейді. Бос уақытын өнер мен білімге арнаған қарттар іс-шараға белсене қатысты. Бойын тік ұстап билеп, ән айтып, тіпті сән үлгілерін көрсетті.

Орталықта барлығы тегін. Ән айтып, би билеуді үйренеміз. Зейнетке шыққаннан кейін, немерелер өсіп,  бос уақыт пайда болды. Осында құрбы-құрдастарыммен бірге өнер көрсетіп жүрмін", – деді зейнеткер Гүлнұр Тілеубаева.   

"Шынымды айтсам, жасара бастағандай сезінетін болдым. Түрлі гимнастика жасап жүрмін. Бұрын жұмыс пен үйдің ортасында басқа ештеңе білмейтінбіз", – деді зейнеткер Әсия Біржанқызы.

Алматыда белсенді өмір сүру орталығының 15 филиалы жұмыс істейді. Сонымен қатар ұйым зейнеткерлерге шетелге шығып, өнер көрсетуге мүмкіндік берген.

"Аталар мен әжелер вальс билейді. Жетістік өте көп. Тоғыз Гран при алдық. Сән үлгісімен шетелге шықтық. Суретшілер көрмесі ұйымдастырылып отырады. Екі жылдың еңбегімізді халыққа көрсетіп жатырмыз", – деді Белсенді ұзақ өмір орталығының басшысы Сәуле Бекетаева.

Орталыққа 5800-ден астам қарт кісі келеді. Зейнеткерлерді театрлар мен мұражайларға тегін апарып, түрлі семинар, іс- шаралары жиі ұйымдастырылады.

Әсем Бахытжанова, Ханкелді Ахметханов

Оқи отырыңыз: Киіз үйдегі жаңа жыл: Алматыда ұлттық нақышта безендірілген Аяз Атаның үйі ашылды

Новости партнеров