Әкесін аяусыз ұрып-соғып, қинап өлтірген түркістандық азамат елден кешірім сұрады

14.01.2026 18:10

Ол 6 жыл 2 айға сотталуы мүмкін

Almaty.tv

Әкесін аяусыз ұрып-соғып, қинап өлтірген түркістандық азамат 6 жыл 2 айға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жазаны бүгін прокурор сот жарыссөзінде сұрады. Ол айыпталушының бір емес, бірнеше рет әкесінің денсаулығына зиян келтіргенін мәлімдеді.

Ал Алмас Садақбаев өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. 41 жастағы ер адам жасаған қатігездігі үшін барша қазақ елінен кешірім сұрап, соттан жеңіл жаза тағайындауын өтінді.

Еске салсақ, қайғылы жағдай өткен жылдың тамыз айында болған. Алайда бұл жайт тек көрші қыздар бейнежазбаны әлеуметтік желіге салғаннан кейін ғана белгілі болған.

Оқи отырыңыз: Ауыр соққыдан көз жұмған: Таразда қатарласын өлтірген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты