Әкесін аяусыз ұрып-соғып, қинап өлтірген түркістандық азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Ол өткен жылдың тамыз айында мүгедек әкесін кемінде үш рет соққыға жыққан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Түркістан облысы Жетісай аудандық соты Шардара ауданы Қоссейіт ауылында өз әкесін ұрып-соғып, қинаған 41 жастағы Алмас Садақбаевты 5 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот оны «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптарымен кінәлі деп таныды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінген.

Айта кетейік, 41 жастағы Алмас Садақбаевқа 70 жастағы мүгедек әкесін тірі кезінде бірнеше рет ұрып-соғып, қинады деген айып тағылған. Ол өткен жылдың тамыз айында мүгедек әкесін кемінде үш рет соққыға жыққан.

 «Әкесін дәрменсіз күйде азаптау, қинау әрекеті дәлелденді. Сонымен бірге сот әкесіне орта дәрежелі зиян келтіргені де дәлелін тапты деп санайды. Бұған куәлардың жауаптары, куәгерлер түсірген видеолар дәлел болды», – деді судья Мұхтар Жолдасбеков.

Тергеу дерегінше, қарт әкесінің дәретке өздігінен шыға алмайтынына ашуланып, оған күш қолданған. Қатігез әрекеттер көрші үйдің қыздары тарапынан жасырын түрде видеоға түсіріліп, кейін әлеуметтік желіге тараған.

Оқи отырыңыз: Аурухана жанынан табылды: Петропавлда зейнеткер аязда үсіп, көз жұмған

Новости партнеров