Халықаралық байқаушылар Құрылтай сайлауының ұйымдастырылуына жоғары баға берді

23.08.2026 21:36

Шетелдік мамандар сайлау үдерісінің халықаралық талаптарға сай, ашық әрі жүйелі өткенін атап өтті

Халықаралық байқаушылар Құрылтай сайлауының ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Шетелдік мамандар сайлау үдерісінің халықаралық талаптарға сай, ашық әрі жүйелі өткенін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Олардың пікірінше, сайлаушылардың еркін таңдау жасауына барлық жағдай қарастырылған. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастырылғаны атап өтілді. Учаскелерде пандустар, арнайы кіреберістер және қажетті инфрақұрылым жасақталып, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беруіне толық мүмкіндік берілген. Байқаушылар сайлау барысында ашықтық, қолжетімділік және азаматтардың таңдау еркіндігі секілді халықаралық қағидаттар сақталған дейді.

«Мен барлық сайлау учаскелерінде көру қабілеті нашар, мүмкіндігі шектеулі және қозғалысы қиын адамдарға жағдай жасауға тырысқанын байқадым. Мен осындай тамаша ұйымдастыру үшін, сондай-ақ  жалпы сайлау процесін қамтамасыз еткені үшін алғыс айтқым келеді. Бұл процесс халықаралық стандартқа толық сәйкес келеді. Тек дауыс берушілер үшін ғана емес, бақылаушылар үшін де қолайлы жағдай жасалған», – деді халықаралық байқаушы Мутаз Альхиясат

Сондай-ақ халықаралық байқаушылар бүгінгі сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық анықталмағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, халық сайлау науқанына белсенді қатысып, оның ашықтығына оң баға берген. Әсіресе жастардың дауыс беруге белсенді қатысуы байқалған. Байқаушылар бұл үрдісті ел азаматтарының болашаққа бейжай қарамайтынының белгісі деп бағалады.

«Біз өте жақсы ұйымдастырылған жағдайды көрдік. Дауыс беру белгіленген уақытта, барлық стандартты рәсімдер сақтала отырып басталды. Адамдардың ешқандай кедергісіз, еркін келіп, өз бетінше дауыс беріп жатқанын көрдік. Маған адамдардың сайлауға отбасыымен, балаларымен бірге келуі ерекше әсет етті. Бұл  –демократиялық үдеріс үшін өте жақсы көрсеткіш. Менің ойымша, бұл – Қазақстанның болашағы мен жалпы жүйенің дамуы үшін өте жақсы», – деді халықаралық байқаушы Хан Мұхаммед.

Оқи отырыңыз: Сайлаудағы жастардың белсенділігін ерекше – АӨСШК бақылаушысы Абхишек Катияр-

 

Толық көрсету