Халықаралық волонтерлер жылы: Қазақстан бастамасына әлем елдері қолдау білдіріп келеді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бүгінде Қазақстанның бастамасына 60-тан астам ел қолдау білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) деп жариялады. Атаулы жыл халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың, волонтерлік қозғалысты дамытудың және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудің айрықша маңызын көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінде Қазақстанның бастамасына 60-тан астам ел қолдау білдірді. Соның ішінде Конгода «Франкофония: волонтерлер игі іс жолында» ұранымен Француз волонтерлер күні (JVF) өтті.

Іс-шара волонтерлік қызметті кеңінен насихаттауға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Жергілікті волонтерлер ұйымдары өз жобаларын таныстырып, ел тұрғындарына қолдау көрсетуге бағытталған бастамалары туралы баяндады.

Жиында қатысушылар тәжірибелерін ортаға салып, кәсіби байланыс орнатты. Сондай-ақ волонтерлер қозғалысын дамытуға атсалысып жүрген ұйымдардың ортақ жұмысы сөз болды.

Мұндай іс-шаралар әлем елдерінің волонтерлікке деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Волонтерлердің еңбегі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге және тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге елеулі үлес қосады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ана мен бала денсаулығын қорғау шаралары күшейтіледі