«Жаңа Құрылтай құрамын сайлау – алдағы маңызды реформалардың жүзеге асуына серпін береді. Сондықтан депутаттық мандатқа тың көзқарасы бар жастардың келгені маңызды». Алматылық зиялы қауым өкілдері осындай пікірде, деп хабарлайды Almaty.tv
Олардың айтуынша, ел ертеңіне қатысты шешімдер қабылданатын саяси алаңда жас буынның үні естіліп, қоғамдағы өзекті мәселелерге жаңаша көзқарас қажет.
«Шын мәнісінде халық Құрылтайға кәсіби, білікті мамандардың келгенін қалайды.. Жасы келген адамдар емес, жас буын, тегеурінді күшті күтеді. Әр саланың маманы келгенін тілейді. Бәріміздің де көкейімізде жүрген нәрсе – осы», – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы.
«Жаңа құрам 145 депутаттан жасақталып, саяси додаға 7 партия қатысып отыр. Бұл өз кезегінде түрлі саяси көзқарастар мен қоғамдық бастамалардың бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді. Кеше үгіт-насихат жұмыстары басталды. Енді партиялар мен кандидаттар сайлаушылармен кездесіп, өз бағдарламаларын таныстырып, ел дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Сондықтан бұл кезеңде азаматтардың саяси белсенділігі мен саналы таңдауы ерекше маңызға ие», – деді жас ғалым Үсен Жұманұлы.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда сайлауды ашық әрі әділ өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған - Рамакант Двидеви