Халықты ауыз сумен қамту: Қазақстанда 1,6 мыңнан астам жоба іске асырылды

16.04.2026 10:34

2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 835 млрд теңге бөлінді

Аlmaty.tv

Қазақстан халқы сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі деп хабарлайды Almaty.tv

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, елімізде сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

"2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 835 млрд теңге бөлініп, 1,6 мыңнан астам инфрақұрылымдық жоба іске асырылды", - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар магистральдық су құбырларын және су тазарту нысандарын салу мен жаңғырту арқылы сумен қамтамасыз ету сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.

Осы шараларды іске асыру санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және өңірлердің тұрақты дамуына ықпал етіп жатыр. 

Оқи отырыңыз: Елімізде көппәтерлі тұрғын үйлердің саны қанша