«Халықтық құрылыс»: қаражаттың жұмсалуын кім бақылайды

Тиісті жарлыққа қол қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын қадағалайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Тиісті жарлыққа қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес қауымдастығының өкілдері енді.

Олар бағдарламаның барлық кезеңін бақылауға алады. Атап айтқанда, жобаларды жоспарлау мен қаражат бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі жұмыстар қадағаланады.