«Халықтық құрылыс» жобасы адами капиталды дамытуға үлес қосады - саясаттанушы

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген пікірінде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында айтылған бастамалардың маңызына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарапшының айтуынша, «Халықтық құрылыс» жобасы ұлттық экономиканы дамыту үшін ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын арттыру тұрғысынан да маңызды.

«Бүгінде экономиканың дамуы көбіне инфрақұрылымның жағдайына байланысты. Сонымен қатар ұлттық экономиканың маңызды ресурстарының бірі – адами капитал. Осы тұрғыдан алғанда, медициналық мекемелер мен мектептерді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу және жаңғыртуды көздейтін жобаны жүзеге асыру маңызды қадам болмақ», – деді Нұрболат Нышанбай.

Саясаттанушының атап өтуінше, ұзақ мерзімді перспективада бұл бастама қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қатысты алшақтықты азайтуға ықпал етуі мүмкін.

Денсаулық сақтау және білім беру салаларында бірыңғай стандарттарды енгізу еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі тұрғындар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға жол ашады.

Сонымен қатар өңірлердегі тозығы жеткен инфрақұрылымды жаңарту логистиканы дамытуға және аумақтардың экономикалық әлеуетін нығайтуға да оң әсер етеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Пәкістан кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтады