Химиялық өңдеу жасалмайды: әкімдік тұрғындар сауалына жауап берді

01.06.2026 19:19

Мамандар пікірінше, биыл көктемде жауын-шашын мол болып, ұсақ жәндіктер саны күрт артқан

Ақтауда шыбын-шіркей қаптады. Тұрғындардың айтуынша, әсіресе жаңбырдан кейін көшеде жүру қиындап кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әлеуметтік желіде де бұл мәселеге қатысты шағым көбейген. Мамандар пікірінше, биыл көктемде жауын-шашын мол болып, ұсақ жәндіктер саны күрт артқан. Ал қала әкімдігі биыл шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстары жоспарланбағанын мәлімдеді. Экологтар мен биологтар да химиялық өңдеуге асықпауға шақырады. Өйткені, бұл — жәндіктердің табиғи көбею кезеңі. Мамандардың айтуынша, олардың саны алдағы екі-үш апта ішінде азая бастайды. Ал күн қатты ысығанда мүлде жоғалады. Әзірге тұрғындар қорғаныш құралдарын пайдаланып, сақтық шараларын естен шығармағаны абзал.

«Маңғыстаудың климаты өзгеріп жатыр, жылы температура және ылғал. Оларды антропогенді фактор, яғни химиялық жолмен жоюдың қажеті жоқ. Неліктен десеңіз, олар құстар мен үлкен жәндіктерге қорек көзі болып табылады. Кешке қарай терезені жауып қойсаңыздар жеткілікті», – деді биолог Салтанат Унбаева.

Оқи отырыңыз: Жылдың ең ұзақ күні: жазғы күн тоқырауы қашан болады