ХҚКО қызметтері онлайн форматқа көшеді

03.04.2026 16:15

Жаслан Мәдиев цифрландырудың арқасында орталықтарға келушілер саны екі есе азаятынын мәлімдеді

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы (ХҚКО) кейбір қызметтер енді офлайн форматта қолжетімсіз болады, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі ең көп қолданылатын он қызметтің толықтай онлайн форматқа өтетінін мәлімдеді. Бұл бастама адамдардың уақыт жоғалтпай, кезек күтпей, мемлекеттік қызметтерді смартфон немесе компьютер арқылы алуына мүмкіндік береді.

Онлайн форматқа көшетін негізгі қызметтер:

  • Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу;
  • Жүргізуші куәлігін рәсімдеу;
  • Тұрғылықты жер бойынша тіркелу (прописка);
  • Жылжымайтын мүлікті тіркеу.

Бұл жұмыстар биыл толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Министрліктің мәліметінше, цифрландыру процесі ХҚКО-дағы адам кезегін айтарлықтай сейілткен.

«2024 жылы шамамен 15 миллион адам халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған. Былтыр бірқатар қызметтер онлайн форматқа көшіріле бастағандықтан, келушілер саны 13 пайызға дейін азайды. Биыл бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 30 пайызға дейін төмендеген. Жыл соңына дейін біздің болжам бойынша орталыққа келушілер саны кемінде 50 пайызға қысқарады», – дейді Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Қазіргі таңда жылжымайтын мүлікті тіркеу және өзге де маңызды қызметтер кезең-кезеңімен онлайн платформаларға көшіріліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл реформа мемлекеттік қызмет алу процесін ашық әрі жылдам ете түспек.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 303 зертхана жұмыс істеп тұр: ғылым мен бизнестің интеграциясы