Киберқылмыс қаупінен сақтану жолдары қандай – заңгер кеңесі

30.06.2025 21:58

Елімізде киберқылмысқа қарсы заң қабылданып, дропперлерге қылмыстық жауапкершілік енгізілгені белгілі. Былтыр жалпы айналымы 24 млрд теңге болатын 6 мыңнан астам дроп-карта анықталған. Енді банк картасын үшінші адамға бергендер де жауапқа тартылады. Дегенмен, мәселе қаржыда емес, азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей төнген қауіпте жатыр. Азаматтардың құқықтық сауаты төмен бе? Әлде заң солқылдақ па? Бұл сұрақтарға «Раһым» қоғамдық қорының заңгері Роза Исламова Аlmaty TV эфирінде жауап берді.