Депутаттар туристік саланы қолдау мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады
Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылайтын болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттардың бастамасымен әзірленген туристік саланы қолдау мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатта ішкі туризмді дамыту, туризм индустриясын мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру көзделген.
Жобада «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңға уәкілетті органның туристік өнімдерге қойылатын талаптарды анықтау жөніндегі өкілеттіктері анықталады. Келу туризмі саласындағы туристік операторлардың шығындарына субсидия мөлшерін, туристік орналастыру орындары мен келушілер орталықтарын салу, қайта құру кезінде кәсіпкерлер шығынының бір бөлігін өтеуді нақтылауға бағытталған түзетулер ұсынылған.
«Әкімдіктерге кәсіпкерлік субъектілерінің туристерді орналастыру орындарын, шипажай-курорттық ұйымдарды, визит-орталықтарды, тау шаңғысы курорттарын, жол бойындағы сервис объектілеріне арналған жабдықтар мен техниканы иеліктен шығармау және нысаналы пайдалану мониторингін жүзеге асыру жөніндегі жаңа құзырет беріледі», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Білім саласындағы 20-ға жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды