Кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен жалтармайды — Қорғаныс министрі

25.09.2026 18:00
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Каспийдегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Министрдің айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыс орнатылып, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.

"Біз қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз", — деді Дәурен Қосанов.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Министр кінәлі тұлғалардың заңға сәйкес жауапқа тартылатынын атап өтті.

"Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады", — деді Қорғаныс министрі.

Оқи отырыңыз: Қаралы күн: қазақстандықтар қаза тапқан 14 боздақтың отбасына көңіл айтуда

Толық көрсету