Кинологтар төраяқтылардың мінезін зерттеп, оның ерекше қабілетін ашады
Еліміздің кинологтары 2 айда 100-ден аса есірткі қылмысының бетін ашқан. Заңбұзушылықтың алдын алуда төртаяқты тәртіп сақшыларының үлесі зор. Иісшіл иттер жыл басынан бері 600 келіден астам есірткіні табуға көмектескен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Із кесу, жарылғыш заттар табу, ордология, шабуылдау және есірткі іздеу. Иісшіл иттер осы 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Жылдамдық, есту қабілеті мен көргіштіктің арқасында қызметтік иттер аса ауыр қылмыстардың бетін ашып, талай жанды ажал ауызынан аман алып қалып жатады.
«2025 жылдың екі ай аралығында 40-қа жуық қылмыс ашылды, соның ішінде 15-ке жуық қылмыс есірткі табу бағытындағы. Ит қызметке түспес бұрын ҚР Ішкі істер министірлігі кинологиялық оқу орнына 3 ай өзіне бекітілген кинолог маманмен жаттығудан өтеді. Кейін 5 бағыт бойынша жұмыс істейді», – деді Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологі Медет Жұмағали.
Мамандардың айтуынша, иісшіл иттер есірткі анықтағанда үш түрлі реакция береді. Бірі үрсе, екіншісі жерді тырналаса, енді бірі бір орында қатып қалуы мүмкін.
«Мен 8 ит үйреттім. Ауыр және өте ауыр қылмыстар облыс бойынша келеді. Осы жерде одрология іріктемесін жүргіземіз», – деді Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының аға инсектор-кинологі Рүстем Тұрлыбек.
Бұл - одрология бөлімі. Мұндағы иісшіл иттердің міндеті мүлде бөлек. Мәселен оқиға орнынан алынған иіс пен күдіктінің иісін сәйкестендіру керек. Бұл процессте хаттама толтырылып, видео түсірілім жасалады. Одрология саласындағы иттердің басты мақсаты – сәйкестендіру. Қылмыстық іс болған кезде бес немесе үш ит жұмылдырылады.
Кинологтар төраяқтылардың мінезін зерттеп, оның ерекше қабілетін ашады. Күшіктер 3 ай жаттығудан өтеді. Әр маманға бір ит тіркеледі. Ол оны үйретіп, сенімді серігіндей қамқорлығына алады. Сондықтан кинолог пен иісшіл ит арасында риясыз байланыс орнайды.
Әйкерім Пернебек, Мейрам Исабеков