Кітап мұқабасын дайындау: Алматыда колледж студенттері арасында республикалық байқау өтіп жатыр

Байқау алаңына еліміздің бірнеше өңірінен келген үздік студенттер жиналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Кітаптар мен журналдарға арналған арт-контент жасау». Алматыда колледж студенттері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған жоба биыл да жалғасын тапты. Екі күнге созылатын додаға қатысушылар қабілетін сынап, заманауи графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді. Байқау алаңына еліміздің бірнеше өңірінен келген үздік студенттер жиналды.

«Студентім Жудаева Елизавета арт-контент бойынша журналдарды өңдеп жүр. Балалардың шеберлігі керемет. Әзірше студенттердің қандай деңгейде жасап жатқанын сырттан бақылап көрдік. Қарсыластарымыз ерекше дайындықпен келген», – деді колледж оқытушысы Жұлдыз Китанова.

Байқау бағдарламасы үш негізгі модульден тұрады: қатысушылар суреттерді өңдеп, логотип әзірлейді, баспа өнімдерін беттеп, мұқаба дайындайды, сондай-ақ дайын файлдарды баспаға ұсыну кезеңінен өтеді. Сайыс болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтуға мүмкіндік бермек.

«Байқау жайында айтатын болсақ, Бұл – тек дизайнерлік, көркемдік деңгейді көтеретін студенттердің білімін, шығармашылық қабілетін көтеретін байқаудың бірі. Байқауға жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестер төрелік етеді», – деді колледж директоры Гүлзада Абдуллаева.

 Оқи отырыңыз: Ораза: Мүфтият айт намазының кестесін жариялады

 

 

Новости партнеров