KitapTime: Алматыда республикалық фестиваль өтті

Іс-шара – қоғамның рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды мәдени бастама

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін еліміздің бірнеше кітапханасында кітап фестивалі өтіп жатыр. Негізгі мақсат – халықтың оқу белсенділігін арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал Алматыдағы Ұлттық кітапханада «KitapTime» республикалық фестивалі бесінші рет ұйымдастырылды.  Іс-шара – қоғамның рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды мәдени бастама. Мұнда мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген басылымдар мен  XX ғасырдағы газет-журналдардың архивтік сандарынан ретро-көрме қойылды. Сонымен қатар отандық қаламгерлер кітапсүйер оқырманға арнап автограф-сессия өткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Зерделі ұлт», «Кітап оқитын ұлт» жобаларын жұртқа жарияланғанына да бірнеше айдың жүзі болды. Қазір олар шынайы өмірде жүзеге асып кетті, 7 миллионнан асып жығылатын қоры бар, 120-дан астам әлем тілдерінде сақталған, оның ең көне кітабы XII ғасырдан басталатын Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасының қабырғасында жүздеген, мыңдаған оқырман келіп, фестивалге қатысып, әсерін айтып жатыр», – деді ҚР Ұлттық кітапханасының ғалым хатшысы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Қанат Алтынбек.

Оқи отырыңыз: «Үздік жас отбасы – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды