Көрмені қыркүйектің соңына дейін тамашалауға болады
Алматыда қала күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Экспозицияда дүнген, ауған, армян, ұйғыр сынды бірнеше ұлттың тарихы көрсетілген. Дәстүрлі киімдері мен тұрмыстық әрі зергерлік бұйымдары, музыкалық аспаптары мен сәндік қолданбалы өнердің көптеген туындысы көпшілік назарына ұсынылған. «Бірлігі жарасқан ел» атауы берілген бұл көрме этносаралық достықты нығайтып, түрлі халықтың өзіндік болмысын ашып, бірлік пен ынтымақты жақсартуға бағытталған.
Атап өтейік, келушілер мәдени іс-шараға қыркүйектің соңына дейін қатыса алады.
«Бірлігі жарасқан ел» көрмесіне түрлі этнос өкілдерінің тұрмыстық заттары, ұлттық киімдері, қолданбалы зергерлік бұйымдары қойылып отыр. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Алда қала күні мерекесі өтеді, барлық қала тұрғындарын, қонақтарын мерекемен құттықтаймыз», – деді «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры Ләззат Сағындықова.
«Дәл осы музейде Қазақстан халқының біртұтастығын бейнелеп, өзіне тән мәдениетін, дәстүрі мен тұрмысын көрсетеміз. Әл ұлттың басын қосқан елде өмір сүріп жатырмыз ғой, сол себепті, бұл бастама береке-бірлікті, ынтымақ пен татулықты насихаттайды. Мәдени бай мұрамызды көпшілікке паш етеді», – деді Қазақстан халқы ассамблеясы Алматы қаласы филиалы төрағасының орынбасары Всеволод Лукашев.
Оқи отырыңыз: Қазақстан халқы тілдері күні: алматылықтар Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды