Алматылық дәрігерлер науқасты миокард инфарктісінен аман алып қалды

28.10.2024 16:30

Науқастың өмірін сақтауда шешуші рөлді бүкіл команда - реаниматолог, интервенциялық хирург және анестезиологтарлың  үйлесімді жұмысы атқарды

Unsplash

42 жастағы науқас Алматы қалалық кардиологиялық орталығына жедел жәрдем бригадасымен жедел миокард инфарктісімен жеткізілді. Қабылдау кезінде науқастың жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ДСБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлер тобы дереу реанимациялық шараларды бастады. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ғани Бугираевтың айтуынша, науқастың жүрегі 15 минут ішінде өміріне қауіп төндіретін аритмиямен төрт рет тоқтаған. 

Ауыр жағдайға қарамастан, реаниматологтар жүректің жұмысын қалпына келтіре алды. Бұл команданың жоғары кәсібилігін талап етті, өйткені әр секунд санаулы болды.

Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін оған жедел коронарография жасалды - коронарлық артериялардың жағдайын бағалауға және олардың зақымдану дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін диагностиканың маңызды әдісі. 
Тамырлардың сыни тұрғыдан зардап шеккенін білгеннен кейін дәрігерлер жүрек бұлшықетіндегі қан айналымын қалпына келтіру үшін шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады.

Науқастың өмірін сақтауда шешуші рөлді бүкіл команда - реаниматолог, интервенциялық хирург және анестезиологтарлың  үйлесімді жұмысы атқарды. 

Ғани Бугираев мұндай жағдай тек кәсіби дағдыны ғана емес, психологиялық тұрақтылықты да қажет ететінін атап өтті.

Жүректің төрт рет тоқтауы мен сәтті хирургиялық араласудан кейін науқастың жағдайы тұрақталып, ол үйге шығарылды.

Оқи отырыңыз: Мектептегі оқушылардың 70-80 пайызы дұрыс көрмейді - офтальмолог