Қой етінің экспорты екі есеге өсті — АШМ

08.07.2025 10:40

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрі бойынша мал басы тұрақты өсуде

Martin Bisof/unsplash.com/

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында 2025 жылдың 5 айында елдегі мал саны қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрі бойынша мал басы тұрақты өсуде. Жыл басынан ірі қара мал басы 23,4% артты (9,6 млн бас), ұсақ мал — 7,8% (26,3 млн бас), жылқы — 12,2% (5,0 млн бас), түйе — 8,5% (321,3 мың бас), құс — 2,2% (47,7 млн бас) өсті", — деді ол.

Оның сөзінше, Қазақстан шаруалары ет пен қой етіне деген ішкі қажеттілікті толықтай қамтамасыз етіп отыр.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша сиыр етінің экспорты 1,4 есе артып, 22 мың тоннадан асса, қой етінің экспорты 2,2 есе өсіп, шамамен 18 мың тонна болды. Жыл басынан мал шаруашылығында өңдеу артты. Оның ішінде шұжық өнімдері — 11,3%, ет консервілері — 27,5%, тоңазытылған және мұздатылған қосалқы өнімдер тиісінше 41,9% және 47,1% өсті", — деді Айдарбек Сапаров.

Оқи отырыңыз: Әлем сахнасында: «Алатау» дәстүрлі өнер театры  XVII Чехов фестиваліне қатысады