Күдікті 12 жылдан кейін БАӘ-ден Қазақстанға қайтарылды

08.07.2025 11:11

Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылды

Бас прокуратура

Денсаулығына орташа ауырлықтағы зиянкелтірген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін күдіктіні қайтарды.

"Ол 2012 жылдың 25 наурызында Теміртау қаласында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып, екі жерінен жақ сүйегін сындырды деген күдікке ілінді", — делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Қой етінің экспорты екі өсті — АШМ