Көкшетауда алаяқтарға алданған тұрғынның ақшасы қалай қайтарылды

16.09.2026 13:43

Ол курьерге 10 млн теңгесін ұстатып жіберген

Көкшетау тұрғыны алаяқтарға алданып, курьерге 10 млн теңгесін ұстатып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кейін жәбірленуші өзінің сан соғып қалғанын түсініп, дереу Полиция басқармасына интернет-алаяқтық туралы арыз түсірген. Әйел «күш құрылымдарының қызметкеріміз» деп таныстырғандар қомақты қаражат беруге көндіргенін айтты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның Астанада тұратыны анықталған.

Құзырлы органдар күдіктіні 4 сағатта іздеп, ұстаған көрінеді. Абырой болғанда курьер алынған барлық соманы аударып үлгермеген. Одан жәбірленушіге тиесілі қаражат табылып, тәркіленген.

Қазір қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда оқушыларға «Заң мен Тәртіп» қағидаты түсіндірілді

 

Толық көрсету