Іс қайта сотқа жолданды
Көкшетауда пробациялық бақылауда тұрған әйел электронды білезігін шешіп, қала аумағынан шығып кетпек болған. Алайда құрылғы оның әрекетін дер кезінде анықтап, құқық қорғау органдарына белгі берген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицейлер қылмыскерді Петропавл автожолында ұстады. Сараптама қорытындысы бойынша, азаматтың ағзасынан психотроптық заттар табылған. Сәйкесінше, оған әкімшілік жаза тағайындалып, 120 мың теңге айыппұл салынды. Шара қолдану барысында сотталушының кәмелетке толмаған балалары бары ескерілген. Іс қайта сотқа жолданды
«Тәулік бойы жұмыс істейтін цифрлық бақылау жүйесінің арқасында оны Көкшетау қаласының шыға берісінен анықтап, қаладан кетпей тұрып ұстадық. Медициналық сараптама нәтижесінде ағзасынан психотроптық заттар табылды. Жазаны өтеу талаптарын қасақана бұзғаны үшін іс материалдары сотқа жолданды», – деді қалалық пробация қызметінің бастығы Оксана Тупицына.
Оқи отырыңыз: Шымкентте есірткі таратып жүрген жігіт ұсталды