Көкшетауда жас жігіт некеге тұрған күні кісі қолынан қаза тапты

13.11.2024 15:20

Дәрігерлер жігіттің өмірін сақтап қала алмады

Қуаныштың соңы қайғыға ұласты. Көкшетауда 21 жастағы жігіт некеге тұрған күні кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Отау құрып, қуанышын тойлауға барған жігіт ойын-сауық кешендерінің бірінде әлдекімдермен сөзге келіп, төбелес басталған көрінеді. Жанжал барысында оған бірнеше пышақ жарақаты салынған.

Дәрігерлер жігіттің өмірін сақтап қала алмады. Ақмола облысының полиция департаменті бұл іске қатысты барлық күдіктінің қолға түскенін хабарлады. Қылмыс басқарманың тікелей бақылауында.  

"Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер дереу қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сондай-ақ жанжалға қатысқан барлық 6 адам ұсталып, олардың әрқайсына қатысты "Бұзақылық" фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Бақтияр Өтекен.

Оқи отырыңыз: Тойға барамыз деп автобусқа мінген 22 адам көз жұмды