Көктайғақ кезінде сақ болыңыз: тұрғындар мен жүргізушілерге ескерту жасалды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ТЖМ өкілдері ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарды мұқият болуға, қолайсыз метеожағдайлар туралы ақпарат пен енгізілген шектеулерді жіті қадағалауға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктайғақ кезінде жарақат алу қаупін азайту үшін келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

  • биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, табаны тайғанамайтын, ыңғайлы аяқ киім киіңіз;
  • жолдың жүру бөлігінде аса сақ болыңыз, асықпай жүріңіз, жүгірмеңіз;
  • көлбеу әрі тайғақ жерлерді мүмкіндігінше айналып өтіңіз;
  • қолыңыз бос болғаны жөн: ауыр сөмке көтермеңіз, қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл құлау қаупін арттырады;
  • жүрген кезде аяқ астына мұқият қарап, қауіпті аумақтарды айналып өтіңіз. Егер мұз қатқан шалшықты айналып өту мүмкін болмаса, оның үстімен майда адымдап жүріңіз.

Есте сақтаңыз: шалқалап немесе етпетіңізден құлау аса қауіпті, бұл бастан жарақат алуға әкелуі мүмкін. Жарақат алған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көрініп, алғашқы медициналық көмек алыңыз.

Жүргізушілерге ескерту

Көктайғақ кезінде жолда көріну нашарлап, тайғақтық күшейеді, бұл көліктің сырғанауы мен жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілерге:

  • автожолдарда ерекше сақтық таныту;
  • жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтау;
  • көлік құралының техникалық жағдайын, әсіресе дөңгелек резеңкелерінің жай-күйін бақылау;
  • мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тарту ұсынылады.

Қозғалыс кезінде жол жағдайын, ауа райын, көлік пен жүктің ерекшеліктерін ескере отырып, көлікті абайлап басқару қажет.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 504 ауылдық елдімекен спутниктік интернетке қосылды

Новости партнеров