Көктемгі каникул қашан басталады

24.02.2026 21:56

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады

Almaty.tv

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл көктемгі каникул 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы тоқсанда бірінші сынып оқушылары үшін 9-15 ақпан аралығында жеті күндік қосымша демалыс берілген.

Көктемгі каникулдан кейін 30 наурызда оқушылар мектепке оралып, төртінші тоқсанның сабақтарына кіріседі.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Оқи отырыңыз: Мектептегі әлімжеттікпен жасанды интеллект күреспек